О внесении дополнения в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 182 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мугалжарском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 182 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мугалжарском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 86158_280637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CI004174
- ЭКБ идентификаторы
- 86158
- Редакция идентификаторы
- 86158_280637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:23
0 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар
ауданында аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы»
шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-119 санымен тіркелген, 2010 жылы 21 сәуірде аудандық «Мұғалжар» газетінің № 17 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
18 тармақ:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтері, үй) бар азаматтар және тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.».