Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 213 "Об утверждении Инструкции по поощрению работников агропромышленного комплекса"

Бұйрық · № 12-1/491 · қабылданған 02.10.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-213-ekb-68799/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 213 "Об утверждении Инструкции по поощрению работников агропромышленного комплекса" Қолданыста Бұйрық ·№ 12-1/491 ·02.10.2012
02.10.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 213 "Об утверждении Инструкции по поощрению работников агропромышленного комплекса"

Қолданыста Бұйрық ·№ 12-1/491 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 213 "Об утверждении Инструкции по поощрению работников агропромышленного комплекса"
Атауы (қаз.)
"Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12-1/491
Қабылданған күні
02.10.2012
Көрсетілген редакция
02.10.2012 AI68799_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008070
ЭКБ идентификаторы
68799
Редакция идентификаторы
AI68799_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:13

0 "Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

«Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылы 26 тамызда № 14, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылы 14 тамызда № 330-331 (26174) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі – еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосу;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Министрліктің Құрмет грамотасымен адал жұмысы, кәсіби шеберлігі, саланың алдына қойылған міндеттерді орындауға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.»;
21-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкiмшiлiк қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты оның ресми тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы