О внесении дополнений в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 23/11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Кызылжарского района на 2010 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата от 31 марта 2010 года № 23/11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Кызылжарского района на 2010 год"
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/11 "2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/6
- Қабылданған күні
- 09.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2011 53486_192191.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SH000129
- ЭКБ идентификаторы
- 53486
- Редакция идентификаторы
- 53486_192191
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:01
0 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/11 "2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/11 «2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізілсін, (2010 жылғы 20 сәуірдегі № 13-8-122 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 17 «Қызылжар», 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 18 «Маяк» газеттерінде жарияланған), келесі толықтырулар:
1 тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтыру:
«3) өтініш және оқу мекемесімен жасалған шарты негізінде, күндізгі оқуда оқып жатқан аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, жетім-студенттерге, оқу құны мөлшерінде, жылына бір рет оқуға төлеу.»
2 2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде күшіне енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қызылжар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Н. Сұлтанғазин