О внесении дополнения в решение маслихата района Шал акына от 31 марта 2010 года № 24/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан района Шал акына"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение маслихата района Шал акына от 31 марта 2010 года № 24/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан района Шал акына"
- Атауы (қаз.)
- "Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 24/3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/3
- Қабылданған күні
- 01.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2014 60218_191604.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SN000134
- ЭКБ идентификаторы
- 60218
- Редакция идентификаторы
- 60218_191604
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:51
0 "Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 24/3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы XXIV сессиясының № 24/3 шешіміне (2010 жылғы 26 сәуірдегі 13-14-100 мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 18 «Парыз» және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 19 «Новатор» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға отбасының (азаматтың) жанға шаққандағы табысынан жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы көмек».
2 2. Аталмыш шешім 2011 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынаста таралады.
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін іске енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Т. Оразалин