О внесении изменения и дополнений в решение маслихата района Шал акына от 31 марта 2010 года № 24/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан района Шал акына"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение маслихата района Шал акына от 31 марта 2010 года № 24/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан района Шал акына"
- Атауы (қаз.)
- "Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 24/3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/5
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2014 AI62844_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SN000145
- ЭКБ идентификаторы
- 62844
- Редакция идентификаторы
- AI62844_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:41
0 "Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 24/3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы XXIV сессиясының № 24/3 шешіміне енгізілсін (2010 жылғы 26 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13-14-100 тіркелген, «Парыз» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 18, «Новатор» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 19 санында жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтырулар:
1 тармақта
2) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге ай сайын моншаға және шаштаразға баруға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»:
7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларды келесі мазмұнда толықтырылсын;
«7) Сергеевка қаласына тұрақты жұмыс істеуге келген жоғары медициналық оқу мекемелерінің түлектері мен дәрігерлерге біржолғы төлемдер, дәрігерлерге 200 000 теңге, орта арнаулы білімді медицина қызметкерлеріне 50 000 теңге»;
«8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға, жоғары және орта арнаулы оқу мекемелерінде оқитын студенттердің отбасыларына жыл сайын қыркүйек айында 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемдер»;
«9) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратын, атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар отбасыларына, 1 балаға арналған айына тамақ құнының ай сайынғы есебінен шығатын тамақ құнының өтемі»;
«10) жыл сайын 1 маусым қарсаңында Халықаралық балаларды қорғау күнінде мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек»;
«11) жыл сайын 3 желтоқсан қарсаңында Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек»;
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ бастығы
Т. Оразалин
2011 ж 21 желтоқан