О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73/27
- Қабылданған күні
- 09.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2017 55744_200569.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PA000162
- ЭКБ идентификаторы
- 55744
- Редакция идентификаторы
- 55744_200569
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:58
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету ережесін" бекіту туралы" № 26/23 (4-сайланған 23-кезекті сессиясы), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы "Шаһар" № 20 және 2010 жылғы 17 мамырдағы, 2010 жылғы 24 мамырдағы "Версия" газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
12 "12 тармақ 4 абзацтағы "30" саны "10" санына ауыстырылсын;
20
20 тармақ "Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметті және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне қатысты байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша шығындардың жартылай орнын толтыру үшін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалдық төлеуге жұмсалатын табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын үй көмегі отбасының жұмысқа жарамды әр мүшесіне күнкөріс минимумынан есептеледі" жаңа редакцияда жазылсын.