Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"

Ереже · № 281/39 · қабылданған 02.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2010-no-2623/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара" Күшін жойған Ереже ·№ 281/39 ·02.07.2014
14.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"

Күшін жойған Ереже ·№ 281/39 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 31 марта 2010 года № 26/23 "Об утверждении "Правил предоставления жилищной помощи на территории города Павлодара"
Атауы (қаз.)
Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281/39
Қабылданған күні
02.07.2014
Көрсетілген редакция
14.06.2017 81700_200571.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PA003901
ЭКБ идентификаторы
81700
Редакция идентификаторы
81700_200571
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:13

0 Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы № 26/23 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 науырыздағы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 185 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. "Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" № 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы № 20 "Шаһар" газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы № 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы № 20 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 13-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат):
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ХҚО) өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) отбасы табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
4) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байлыныс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
6) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттардың тұпнұсқалары ақпарат үшін ұсынылады және өтініш иесіне қайтарылады.".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы