О внесении изменении в постановление акимата Алакольского района от 31 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Алакольском районе" N 10-302
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата Алакольского района от 31 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Алакольском районе" N 10-302
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-375
- Қабылданған күні
- 29.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 68765_519950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DE002195
- ЭКБ идентификаторы
- 68765
- Редакция идентификаторы
- 68765_519950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:04
0 Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы "Алакөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 10-302 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 22 қарашада N 2-5-162 болып тіркелген, аудандық "Алакөл" газетінде 2012 жылы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Алакөл ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Алакөл ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."