Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 «Об утверждении Правил присуждения ученых степеней»

Бұйрық · № 166 · қабылданған 14.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2011-no-127-ekb-112860/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 «Об утверждении Правил присуждения ученых степеней» Қолданыста Бұйрық ·№ 166 ·14.04.2017
14.04.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 «Об утверждении Правил присуждения ученых степеней»

Қолданыста Бұйрық ·№ 166 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 «Об утверждении Правил присуждения ученых степеней»
Атауы (қаз.)
«Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
14.04.2017
Көрсетілген редакция
14.04.2017 112860_196932.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015219
ЭКБ идентификаторы
112860
Редакция идентификаторы
112860_196932
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:23

0 «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларында:
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі;»;
21-тармақ 4) тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«4) диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін.»;
23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Ж.Қ. Асанов
4 сәуір 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
С.Ә. Жасұзақов
4 мамыр 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
К.К. Мәсімов
11 мамыр 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі,
генерал-полковник
Қ.Н. Қасымов
26 сәуір 2017 жыл

Қолданыстағы