Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней"

Бұйрық · № 226 · қабылданған 18.05.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2011-no-127-ekb-66003/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней" Қолданыста Бұйрық ·№ 226 ·18.05.2012
18.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней"

Қолданыста Бұйрық ·№ 226 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 "Об утверждении Правил присуждения ученых степеней"
Атауы (қаз.)
"Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
18.05.2012
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI66003_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007716
ЭКБ идентификаторы
66003
Редакция идентификаторы
AI66003_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:13

0 "Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Диссертация тақырыбы Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы керек (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа). Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес орындалуы тиіс:»;
9-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптау кеңестері Комитеттің бұйрығымен 1 (бір) жылға бекітіледі, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және ғалым хатшы кіреді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ғылыми дәрежелерді беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитетке апелляция беруге болады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.».

2 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы