Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 128 «Об утверждении Правил присвоения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор)»

Бұйрық · № 320 · қабылданған 07.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2011-no-128-ekb-156916/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 128 «Об утверждении Правил присвоения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор)» Қолданыста Бұйрық ·№ 320 ·07.07.2021
07.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 128 «Об утверждении Правил присвоения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 320 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 128 «Об утверждении Правил присвоения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор)»
Атауы (қаз.)
«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
320
Қабылданған күні
07.07.2021
Көрсетілген редакция
07.07.2021 156916_530137.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023433
ЭКБ идентификаторы
156916
Редакция идентификаторы
156916_530137
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:40

0 «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент),

профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы.
Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар «Мақала» (Article (Артикль) немесе «Шолу» (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Егер Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веб оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақаласы ескерілмейді.
Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.
Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.
Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттер ғылыми мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды.
Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар «Мақала» (Article (Артикль) немесе «Шолу» (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Егер Scopus (Скопус) және/немесе Web of Science (Веб оф Сайенс) базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақаласы ескерілмейді.
Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.
Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.
Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттер ғылыми мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды.
Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;»;
7, 7-1 және 7-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады.
Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурстарында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарынан, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын жағдайлардан басқа).
Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:
1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;
2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді;
3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;
4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері (болған жағдайда);
6) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нқсқалардағы түпнұсқасы;
9) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.
3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.
Қандай да бір құжат болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп, аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қайтарады. ЖОО немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кем емес мерзімде қайта жібереді. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хаты ұсынылады.
7-1. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану Қазақстан Республикасының тиісті аттестаттарын бере отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор атақтарын беру арқылы жүргізіледі. Басқа елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарында 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін алынған Қазақстан Республикасы азаматтарының ғылыми атақтарын тану осы Ереженің 4, 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5, 4-6, 5, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6-тармақтарына сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру арқылы жүргізіледі.
7-2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:
1) сұратылған мамандықтың атауы және шифры көрсетілген олар жұмыс істейтін ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты;
2) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
3) шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І.Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 7 шілдедегі
№ 320 Бұйрыққа
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 бұйрығымен
бекітілген
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған
профессор (доцент), профессор)
2-қосымша
Форма
Халықаралық рецензияланатын басылымдағы арияланымдар тізімі
Үміткердің АЖТ _________________
Автордың идентификаторы (болған жағдайда):
Scopus Author ID: ____________
Web of Science Researcher ID: ____________
ORCID: ______________

р/н
Жа­ри­я­ла­ным­ның ата­уы
Жа­ри­я­ла­ным тү­рі (ма­қа­ла,, шо­лу, т.б.)
Жур­нал­дың ата­уы, жа­ри­я­лау жы­лы (де­ректер ба­за­ла­ры бой­ын­ша),DOI
Жур­нал­дың жа­ри­я­лау жы­лы бой­ын­ша Journal Citation Reports (Жор­нал Цит­эй­ш­эн Ре­портс) де­ректе­рі бой­ын­ша им­пакт-фак­то­ры және ғы­лым са­ла­сы*
Web of Science Core Collection (Веб оф Сай­енс Кор Кол­лекшн) де­ректер ба­за­сын­да­ғы ин­дек­сі
Жур­нал­дың жа­ри­я­лау жы­лы бой­ын­ша Scopus (Ско­пус) де­ректо­рі бой­ын­ша .CiteScore (Сайт­Скор) про­цен­ти­лі және ғы­лым са­ла­сы*
Ав­тор­лар­дың АЖТ (үміт­кер­дің АЖТ сы­зу)
Үміт­кер­дің ро­лі (те­ңав­тор, бі­рін­ші ав­тор неме­се кор­ре­спон­ден­ция үшін ав­тор)
*тиісті квартиль немесе процентиль берілген ғылым саласы. Ғылым саласы ғылыми атақ берілетін мамандыққа сәйкес келу керек

Қолданыстағы