О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2011 года № 1749 "Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам, от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2011 года № 1749 "Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам, от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны"
- Атауы (қаз.)
- "Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 563
- Қабылданған күні
- 28.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2016 AI65217_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000563
- ЭКБ идентификаторы
- 65217
- Редакция идентификаторы
- AI65217_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:20
0
"Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Аумағы Қазақстан Республикасының бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарды растауды арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы салық төлеуші ретінде тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"20___ жылғы "____" __________ 20___ жылғы "_____" ________ кезеңінде алынған (алынуға жататын) табыстарды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 151-1, 151-2, 151-3, 151-4, 151-5, 151-6-баптарының 1-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыстарға жатқызу туралы растама-анықтама беруді сұраймыз (керегінің астын сызу керек).".