Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 мая 2011 года № 26-485п "О некоторых вопросах регулирования торговой деятельности"

Қаулы · № 26-1106п · қабылданған 27.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2011-no-26-485/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 мая 2011 года № 26-485п "О некоторых вопросах регулирования торговой деятельности" Күшін жойған Қаулы ·№ 26-1106п ·27.10.2011
14.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 мая 2011 года № 26-485п "О некоторых вопросах регулирования торговой деятельности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 26-1106п · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 31 мая 2011 года № 26-485п "О некоторых вопросах регулирования торговой деятельности"
Атауы (қаз.)
"Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 26-485қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26-1106п
Қабылданған күні
27.10.2011
Көрсетілген редакция
14.05.2012 AI61667_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11A0000698
ЭКБ идентификаторы
61667
Редакция идентификаторы
AI61667_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:22

0 "Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 26-485қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 21 қаңтардағы, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласы прокуратурасының 2011 жылғы 22 тамыздағы № 7-07/11657 наразылығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 26-485қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2011 жылғы 30 маусымда № 684 тіркелді, "Вечерняя Астана" газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 78 (2688) нөмірінде, "Астана ақшамы" газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 74 (2684) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада "Астана қаласында көлік құралынан жеміс-көкөніс өнімі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар" деген сөздер "Астана қаласында жеміс-көкөніс өнімдерінің көшпелі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада кестенің атауында "Автомашинадан сату орындары" деген сөздер "Көшпелі сауданы ұйымдастыруға арналған орындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшадағы 22-29 жолдар алынып тасталсын;
2-қосымшада "Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша жылжымалы фургондардың орналасу орындары" деген сөздер "Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша автодүкендердің орналасу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада кестенің атауында "Автомашинадан сату орындары" деген сөздер "Автодүкендерден сату орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшадағы 19 жол алынып тасталсын;
6, 7-қосымшалар алынып тасталсын.

2 2. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

Әкім                                       И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары                         Қ. Сұлтанбеков
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі                      Д. Досқұлов
"Астана қаласының Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы                          Қ. Ертуғанов

Қолданыстағы