О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 «Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 «Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 381
- Қабылданған күні
- 22.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2022 176310_615781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031229
- ЭКБ идентификаторы
- 176310
- Редакция идентификаторы
- 176310_615781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:51
0 «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің
үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі – Үлгілік қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстар мен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Үлгілік қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) конкурс – жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара;
3) мәдениет саласындағы уәкілетті орган – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) фестиваль – мәдени-бұқаралық іс-шара, музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), оның ішінде конкурстық көрсету.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.».