О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 56 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 56 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1092
- Қабылданған күні
- 23.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI60571_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001092
- ЭКБ идентификаторы
- 60571
- Редакция идентификаторы
- AI60571_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:35
0 "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтыру енгізу туралы
2005 жылғы 4 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
4
«4. Қызметінің мәні «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымын құру, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылатын «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы 2005 жылғы 4 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге сәйкес сатып алатын жұмыстар мен қызметтер:
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында мемлекеттік шекара арқылы өтетін арнайы өткелдің қазақстандық бөлігін жобалау мен салуға қажетті жұмыстар мен қызметтер.».