О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 56 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 56 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 772
- Қабылданған күні
- 02.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI73784_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000772
- ЭКБ идентификаторы
- 73784
- Редакция идентификаторы
- AI73784_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:34
0 "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қызметінің мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып табылатын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартты, 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты, 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы және 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты іске асыру мақсатында сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара сызығын делимитациялау және демаркациялау (редемаркациялау) жүргізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.».