Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 "Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей"

Бұйрық · № 227 · қабылданған 25.09.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2011-no-56-ekb-75140/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 "Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей" Қолданыста Бұйрық ·№ 227 ·25.09.2013
25.09.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 "Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей"

Қолданыста Бұйрық ·№ 227 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56 "Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей"
Атауы (қаз.)
"Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
25.09.2013
Көрсетілген редакция
25.09.2013 AI75140_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008846
ЭКБ идентификаторы
75140
Редакция идентификаторы
AI75140_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14

0 "Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 6923 болып тiркелген, 2011 жылғы № 21 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.»;
2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фестиваль - музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), мәдени-көпшілік қатысатын мереке.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Фестивальдер және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі.»;
19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:
1) орындаудың сапалық деңгейі;
2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);
3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы.
Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан Қағидада қосымша критерийлер көзделуі мүмкін».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы