О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 1122 «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации сотрудникам специальных государственных органов (кроме курсантов специальных (военных) учебных заведений) на содержание жилища и оплату коммунальных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 1122 «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации сотрудникам специальных государственных органов (кроме курсантов специальных (военных) учебных заведений) на содержание жилища и оплату коммунальных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 16.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2022 125854_588299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000748
- ЭКБ идентификаторы
- 125854
- Редакция идентификаторы
- 125854_588299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:36
0 «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы
(әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын
үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем
жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 987-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу үшін ақшалай өтемақы (бұдан әрi – ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.».