Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых»

Қаулы · № 443 · қабылданған 27.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-1379-ekb-105052/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых» Күшін жойған Қаулы ·№ 443 ·27.07.2016
21.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых»

Күшін жойған Қаулы ·№ 443 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых»
Атауы (қаз.)
«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
443
Қабылданған күні
27.07.2016
Көрсетілген редакция
21.05.2018 105052_323822.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000443
ЭКБ идентификаторы
105052
Редакция идентификаторы
105052_323822
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:14

0 «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда,

қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу
және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде
салық салу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен не егер өтініш алдағы күнтізбелік жылға берілген болса, енгізілетін түзетулер ескеріле отырып, көрсетілген кезеңдегі бюджет негізінде жыл бойынша болжамды деректерге негізделе отырып есептелген ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша деректермен салыстырғанда минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың бір тоннасына есептегенде ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындарды және Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды алуға жұмсалатын жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты шығындарды қоспағанда, өндірістік шығындар, өткізу шығындары мен жалпы әкімшілік шығындар
10 %-дан жоғары ұлғайған жағдайда, негізсіз ұлғайтылуы;»
17-тармақта:

1 1) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс.»;

2 2) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.»;

3 3) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы