О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 553
- Қабылданған күні
- 08.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2018 114533_323818.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000553
- ЭКБ идентификаторы
- 114533
- Редакция идентификаторы
- 114533_323818
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:55
0
«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:
9 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
9
«9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құрған ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықтың жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса бере отырып, өтініш енгізеді.».
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2017 жылғы « 8» қыркүйектегі
№ 553 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр
шешiмдерiнің тізбесі
1
1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1724 қаулысы.
2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1724 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 115 қаулысы.
3 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1724 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысы.
4 4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкіміне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы.
5 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкіміне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 552-құжат).
6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкіміне енгізілетін өзгерістердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
7
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкіміне енгізілетін өзгерістердің 35-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).
8 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың
2-тармағы.