Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 "Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности"

Қаулы · № 523 · қабылданған 21.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-1384-ekb-80108/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 "Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности" Күшін жойған Қаулы ·№ 523 ·21.05.2014
11.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 "Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 523 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 "Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
523
Қабылданған күні
21.05.2014
Көрсетілген редакция
11.07.2023 80108_642364.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000523
ЭКБ идентификаторы
80108
Редакция идентификаторы
80108_642364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:38

0 "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:
1, 2, 3, 4 және 5-нысандар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 523 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Р/с №
Есеп­ті­лік­тің ата­уы
Ор­на­ла­сты­ру ке­зең­ді­лі­гі
Есеп­ті­лік­ке қол­же­тім­ді­лі­гі бар мем­ле­кет­тік ор­ган
1
2
3
4
1.
Қарыз алу құ­ры­лы­мы және оны өтеу кесте­сі (ке­піл­дік­тер құ­ры­лы­мы) (6-ны­сан)
тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 30-кү­ніне дей­ін
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
2.
Қар­жы тұ­рақ­ты­лы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рі (7-ны­сан)
жы­лы­на бір рет, 1 шіл­де­ге дей­ін, 2013 жыл­дан ба­стап тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 80 күн өт­кен­нен кей­ін
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ақ­ша­лай қа­ра­жа­тын иге­ру жө­нін­де­гі есеп (8-ны­сан)
тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні, БП, ЭСЖ­КА
4.
Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар мәр­те­бе­сі бар ен­ші­лес ұй­ым­дар­дың әле­умет­тік көр­сет­кіш­те­рі жө­нін­де­гі есеп (9-ны­сан)
жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі үшін­ші ай­дың 15-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша)
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
5.
________ жағ­дай бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лар­дың иге­рі­луі және ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар бой­ын­ша қу­а­ты ту­ра­лы ақ­па­рат (10-ны­сан)
тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 10-кү­ніне қа­рай
ПӘ, ПМК, ИЖТМ, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні, ККМ, БАА
6.
Бай­ла­ныс са­ла­сы бой­ын­ша тал­да­ма­лық ақ­па­рат (11-ны­сан)
ай сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 10-кү­ніне дей­ін және 11-ны­сан­да көр­се­ті­л­ген мер­зім­дер­де
ПӘ, ПМК, БАА
7.
20 ___ ж. «___» _______ жағ­дай бой­ын­ша Қор­дың бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­ла­ры­ның иге­рі­луі жө­нін­де­гі есеп (12-ны­сан)
жар­ты­жыл­дық­тың және жыл­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
8.
20 ___ ж. «___» _______ жағ­дай бой­ын­ша Қор­дың бюд­жет­тік кре­дит­те­рі­нің иге­рі­луі жө­нін­де­гі есеп (13-ны­сан)
жар­ты­жыл­дық­тың және жыл­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
9.
Қор то­бы­ның IT-ма­ман­да­ры бой­ын­ша ақ­па­рат (14-ны­сан)
жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі екін­ші ай­дың 15-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша)
ПӘ, ПМК, БАА
10.
Қор­дың ұй­ым­дық құ­ры­лы­мы (қыз­мет­кер­лер­дің штат са­нын көр­се­те оты­рып)
жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 20-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша)
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
11.
Қор­дың Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бе­кіт­кен Қор­дың да­му жос­па­ры және оның орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп
да­му жос­па­ры бе­кі­ті­л­ген­нен және Қор­дың Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі есеп­ті қа­ра­ған­нан кей­ін бір ап­та ішін­де
ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

Қолданыстағы