О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 282 «Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 282 «Об утверждении Правил публикации финансовой отчетности акционерными обществами и финансовыми организациями»
- Атауы (қаз.)
- «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 11.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2026 136162_821358.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019618
- ЭКБ идентификаторы
- 136162
- Редакция идентификаторы
- 136162_821358
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:55
0 «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының
қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде
№ 16-20 (27959) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Екінші деңгейдегі банктерді және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, қаржы ұйымдары қаржылық есептілікті жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.».
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.