Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»

Бұйрық · № 314 · қабылданған 04.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-29-ekb-90811/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса» Қолданыста Бұйрық ·№ 314 ·04.06.2015
04.06.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 314 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»
Атауы (қаз.)
«Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
314
Қабылданған күні
04.06.2015
Көрсетілген редакция
04.06.2015 90811_21345.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011316
ЭКБ идентификаторы
90811
Редакция идентификаторы
90811_21345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:45

0 «Нотариустың үй-жайы

талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2012 жылғы
31 қаңтардағы№ 29 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы  2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарда:
4, 5, 6 -тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, көлік жанармай станцияларында, көлік жуу орындарында, монша кешендерінде, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде, сауда орталықтары (дүкендер), базарларда (автокөлік базарында), контейнерлерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.
Ғимараттың кіретін жерінде осы ғимаратта нотариустың бар екендігі және оның жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылады.
5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинеттен, сонымен қатар келушілер күтетін нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлмелерден (холл) тұрады.
Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке бөлме болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі.
Нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлек бөлме болған жағдайда, жоғалуға жол бермеу және нотариаттық іс жүргізуге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, келесі жағдайлар:
оқшаулық;
үй-жайында (бөлмеде) газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиіс;
үй-жайдың (бөлменің) сыртқы есіктеріне металл парақ қағылады және берік ысырмалары болады;
күзет және өртке қарсы жүйелері болуы тиіс. Орналасуы сырттан кіруге мүмкіндік беретін терезелерге металл торлар орнатылады.
істерді сақтауға және орналастыруға негізгі сақтау құралдарының болуы: стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады. Олар оттан қорғайтын құралдармен өңделген кезде ағаш стеллаждарды қолдануға рұқсат етіледі. Құжаттарды сақтаудың қосалқы құралдары ретінде металл шкафтар, сейфтер қолданылады;
Құжаттардың түрлеріне, форматына және басқа да сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес сақтаудың алғашқы қорғау құралдарын (мұрағат қораптарын, папкаларды, арнайы қаптарды, пакеттерді) пайдалана отырып орналастырылады;
жарық режимін үнемдеуді сақтау (жасанды немесе табиғи). Табиғи жарық терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілері, перделер немесе боялған әйнектерді қолдану арқылы шашыраңқы жарық ретінде түсірілуге рұқсат етіледі. Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын шамдар қолданылады. Жарық шұғылыса ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминисцентті лампалар қолдануға рұқсат етіледі;
температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимін сақтау құрылады.
Нотариустың үй-жайы басқа нотариуспен бір офис үй-жайында орналасқан жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын кабинеттер мен нотариаттық өндірісті сақтауға арналған үй-жай саны нотариустардың саны бойынша болуы тиіс немесе нотариаттық іс өндірістерінің бір бөлмеде бөлек құлыптанатын темір шкафтарға сақталынуына жол беріледі.
Нотариаттық іс өндірісін келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) сақтауға жол берілмейді.
Құжаттарды еденге, терезе алдына, саты алаңдарына немесе реттелмеген бумаға қоюға жол берілмейді.
6. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған кабинет нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Кабинет мөрді, мөртабан, нотариустың арнайы бланкілерін сақтайтын сейфпен жабдықталады.
Келушілердің күтетін бөлмеде (холлда) ыңғайлы көрінетін жерде нотариус, қабылдау кестесі, аумақтық нотариаттық палата туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны), нотариаттық іс-әрекетті жасау үшін заңда белгіленген тарифтер, тарифті төлеу жөнінде заңмен белгіленген жеңілдіктерге қатысты азаматтар санатының тізбесі және нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін төленетін мемлекеттік баж туралы ақпарат орналасуы тиіс.».
8-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы