Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»

Бұйрық · № 1438 · қабылданған 24.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-29/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса» Қолданыста Бұйрық ·№ 1438 ·24.09.2018
24.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1438 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 29 «Об утверждении Требований к помещению нотариуса»
Атауы (қаз.)
«Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1438
Қабылданған күні
24.09.2018
Көрсетілген редакция
24.09.2018 125465_365198.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017517
ЭКБ идентификаторы
125465
Редакция идентификаторы
125465_365198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:07

0 «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарда:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нотариустың үй-жайы аумақтық нотариаттық палатамен белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс.
Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жекеше нотариус үй-жайдың сақталуын қамтамасыз ету және мүліктің ұрлануының немесе жоғалуының алдын алу мақсатында үй-жайға жұмыстан тыс уақытта қол жеткізуді болдырмау, нотариаттық іс өндірісінің сақталуы, нотариустың мөрі мен бланкілерінің сақталуы жөнінде шараларды қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және күзететін ғимараттарда құжаттарды сақтау үшін үй-жайды жалға алған кезде жалға алынған үй-жай күзетпен және өртке қарсы сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етіледі.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы