Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов"

Бұйрық · № 310 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-30/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 310 ·31.08.2012
23.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 310 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 30 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов"
Атауы (қаз.)
"Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
310
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2016 AI67473_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007888
ЭКБ идентификаторы
67473
Редакция идентификаторы
AI67473_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:26

0 "Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7446 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, № 269-273 (27347) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесінде:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жекеше нотариустың меншік құқығын және үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаты қоса беріледі.";
10-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бұрын берілген мөрін алып қояды және жояды.";
14-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жекеше нотариустың мөрін алып қою және жою;";
Ереженің 4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Әді­лет ми­ни­стрі­нің
2012 жы­л­ғы 31 та­мы­зда­ғы
№ 310 бұй­ры­ғы­на
қо­сым­ша
Же­ке­ше но­та­ри­устар­дың
есеп­тік тір­ке­уден өту ере­же­сін
ере­же­сіне 4-қо­сым­ша
Нысан
Келісілді Келісемін
Нотариаттық палатаның _________ қаласы (облысы)
Төрағасы Әділет департаментінің
______________ (округі) бастығы
______________ (аты-жөні) _________________________
20__ ж. "____" __________ 20__ ж. "____" __________
Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды
Әділет департаменті (қаланың, облыстық) нотариаттық палатамен (округтың атауы) бірлесіп нотариаттық практикамен айналысатын жекеше нотариустың (жекеше нотариустың аты-жөні) есептік тіркеуден шығару туралы ұсынған құжаттарын қарап шығып, мыналарды белгіледі.
20__ жылғы "___" ____ (округтың атауы) нотариаттық палатасына жекеше нотариустың (аты-жөні) нотариаттық палатаның мүшелігінен шығу туралы оның өтініші түсті.
(Округтың атауы) нотариаттық палатасы жекеше нотариус (аты-жөні), нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің отырысының хаттамасына (хаттаманың күні) сәйкес нотариаттық палата мүшелігінен шығарды.
20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаментіне (округтың атауы) нотариаттық палатасының жекеше нотариус (аты-жөні) (округтың атауы) нотариаттық палатасы мүшелігінен шығару туралы хабарламасы келіп түсті.
20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаменті жекеше нотариус (аты-жөні) жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына тексеру жүргізді, ол туралы тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген.
Жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексерудің нәтижелері туралы актіге сәйкес жекеше нотариустың (аты-жөні) қызметінде бұзушылықтар анықталған жоқ (бұзушылық болған жағдайда оларды жою туралы іс-шараларды көрсету).
(облыстардың, қаланың) Әділет департаменті жекеше нотариустың мөрін алып қою және жоюды 20__ жылғы "____" ______ актіге сәйкес жүргізді. Жекеше нотариустың құжаттары 20__ жылғы "____" ______ қабылдау табыстау актісіне сәйкес жекеше нотариаттық мұрағатқа берілді. Жекеше нотариус (аты-жөні) 20__ жылғы "____" ______ № ______ жекеше нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы алынды.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде жекеше нотариус (аты-жөні) есептік тіркеуден шығаруға болады деп есептейміз.
(аты-жөні, қолы, қорытынды жасаған тұлғаның лауазымы)

Қолданыстағы