О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
- Атауы (қаз.)
- «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 420
- Қабылданған күні
- 30.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 146960_484430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021344
- ЭКБ идентификаторы
- 146960
- Редакция идентификаторы
- 146960_484430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:33
0 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
230-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«230. Борышкердің қарсылығы нотариусқа жеке беріледі не хабарламамен жіберіледі және кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.
Жеке тұлғаның өтінішінде қойылған қолдың түпнұсқалығы, қарсылықты өзі бергенді қоспағанда, нотариалды куәландырады.
Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Егер заңды тұлға (шағын кәсіпкерлік субъектілері) мөрсіз жұмыс істесе, өтініш берушінің қолының түпнұсқалылығы, қарсылықты өзі бергенді қоспағанда, нотариалды куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 223-1-тармақпен толықтырылсын:
«223-1. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алу жөніндегі атқару жазбасын жасау үшін, банктік қарыздарды қоспағанда, егер олар тиесілі болса:
борышкерге өндіріп алушы жіберген және орындалмаған міндеттемеге нұсқауды (шарт, күні), берешек сомасын өтеу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап етуге қатысты міндеттеменің орындалуы туралы талапты, есептелген тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың), пайыздардың сомасын, олар есептелген кезеңді, борышкердің наразылығына жауап беру мерзімін және өндіріп алушының атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгіну құқығы туралы ескертуді қамтитын наразылықты;
өндіріп алушының борышкерге наразылықты жолдауының дәлелдемесін;
борышкердің өндіріп алушының наразылығына жазбаша жауабы ұсынылады, онда ол міндеттемені орындамау фактісін мойындайды, міндеттемені орындамағаны үшін оның жауапкершілігін, шартты, күнді, берешектің немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап етуге жататын сомасын және наразылықта көрсетілген кезең үшін есептелген тұрақсыздық айыбын (өсімақыны), пайыздарды көрсете отырып,жоққа шығаратын дәлелдерді келтірмейді.
Наразылық, егер ол борышкерге жіберілсе, келесі тәсілдердің бірімен немесе Шарттың талаптарында көзделген тәсілмен:
Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
Шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша не тіркелген жері бойынша алушының қолы қойылып, алынған күні көрсетіле отырып қолма-қол немесе тапсырылғаны туралы, соның ішінде отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен бірге тұратын басқа адам алған хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып жеткізілген болып саналады.
Наразылықты адресатқа, алушыға тапсыру мүмкін еместігі туралы белгімен не оны қабылдаудан бас тартумен, сондай-ақ оны осы тармақта көрсетілген өзге байланыс құралымен қабылдағанын растамаумен байланысты қайтарған жағдайда, наразылық тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.
Егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделсе, онда оны өндіріп алу шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;
226-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өндіріп алуға жататын немесе талап етуге жататын сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) сомасын, пайыздарды көрсете отырып, талап етуге жататын соманы немесе нысанын белгілеу;».