О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
- Атауы (қаз.)
- «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 752
- Қабылданған күні
- 27.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2021 158227_536327.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024155
- ЭКБ идентификаторы
- 158227
- Редакция идентификаторы
- 158227_536327
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:59
0 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
44-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса:
жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiк болған жағдайда («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы) тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі шарттар;
жұбайының біреуі мұндай жер учаскесін сатып алуға құқығы жоқ тұлға болған жағдайда (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23 және 24-баптары) жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар нотариаттық куәландыруға жатпайды.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Нотариус мыналарды:
1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, орман өсiруге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 және 24-баптары);
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24-бабы);
3) мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабы);
4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34-бабы);
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларынан басқа мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39-бабы) иелiктен айыруды куәландырмайды.».