О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 «Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами»
- Атауы (қаз.)
- «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 26.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2025 214781_782866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036951
- ЭКБ идентификаторы
- 214781
- Редакция идентификаторы
- 214781_782866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:58
0 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау туралы ережеде:
223-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларымен айқындалған жарналардан жалтарған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттемелері бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
өндіріп алушы - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі, пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиум объектісін басқару субъектісі куәландырған, нөмірленген, тігілген құжаттардың көшірмелері:
кондоминиум объектісін басқаруға арналған ағымдағы жарналардың, шығыстардың, жинақ жарналарының, орынтұрақ орындарын, қоймаларды ұстауға арналған жарналар мен шығыстардың, мақсатты жарналардың және олардың мөлшерінің бекітілгені туралы (пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелері жиналысының хаттамасынан жарналар өндіріп алушы куәландырған үзінді);
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мөлшері мен мерзімдері, оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есептеумен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).
өндіріп алушы - уақытша басқарушы компания куәландырған тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарттың көшірмесі;
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мерзімдері және оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).».