Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»

Бұйрық · № 596 · қабылданған 12.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-32-ekb-137005/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству» Қолданыста Бұйрық ·№ 596 ·12.12.2019
12.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»

Қолданыста Бұйрық ·№ 596 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»
Атауы (қаз.)
«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
596
Қабылданған күні
12.12.2019
Көрсетілген редакция
12.12.2019 137005_440164.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019729
ЭКБ идентификаторы
137005
Редакция идентификаторы
137005_440164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:21

0 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы
31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 27347 (269-273) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.
Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.
Жекеше нотариустың нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған жағдайда, аумақтық нотариаттық палата нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа жекеше нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдайды.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні мерзімде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн мерзімде, аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық мұрағатқа қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу мүмкіндігі бұйрық туралы деректерді (бұйрық күні, нөмірі, мерзімі және негіздемесі) енгізу жолымен:
лицензияның қолданылуы тоқтатылған, тоқтатыла тұрған, еңбек демалысында болған немесе нотариаттық палатаға мүшеліктен шыққан кезде жекеше нотариустар үшін-Республикалық нотариаттық палата;
мемлекеттік нотариус үшін жұмыстан босатылған немесе еңбек демалысында болған кезде - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұғатталады.
Жекеше нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін Республикалық нотариаттық палата лицензияның қолданылуын қалпына келтіру не нотариаттық палатаның мүшелігін қалпына келтіру не демалыстан жұмысқа шығу туралы өтініш берген кезде бұғаттан шығарады.
Мемлекеттік нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін жұмыстан шығу туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұғаттан шығарады.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Нотариус лицензиясының күші тоқтатылған немесе нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан жағдайда нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітаптары, мұрагерлік істерді есепке алудың алфавиттік кітаптары, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік істер он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.
Жекеше нотариус лицензиясының күші тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.
Жекеше нотариустың нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.
Құжаттарды беру туралы осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Куәландыратын жазбаны толтырған кезде:
жекеше немесе мемлекеттік нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
лицензияның нөмірі, берген күні мөрдің бедеріне сәйкес толығымен көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекеттің жасалынған күні сөздермен жазылады.
Құжатқа қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) оның жеке басын куәландыратын құжатындағы кезектілікпен көрсетіледі.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Жекеше және мемлекеттік нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) мөрдің мәтінінде оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жазылады.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Мөр:
жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықпен танысқан кезден бастап оның лицензиясының күші тоқтатыла тұрған кезеңде;
жекеше нотариус нотариаттық палатаға мүшелікті тоқтата тұрған кезеңде;
мемлекеттік нотариус демалыста (оның ішінде бала күтіміне байланысты) жүрген кезеңде бұйрықпен танысқан кезден бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына сақтауға тапсырады.
Мемлекеттік немесе жекеше нотариустың мөрі нотариустың қатысуымен конвертке салынады, нотариустың, лауазымды адамның қолдары қойылады және аумақтық әділет органының мөрімен бекітіледі.
Мөрі бар конвертті ашу нотариустың қатысуымен жүргізіледі.»;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Егер құпия өсиет құпия өсиетті куәландырған нотариуста сақталса, онда нотариус мөрленген конвертте құпия өсиет салынған конверт, құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәліктің данасы, құпия өсиетті жою туралы өтініш, өсиет қалдырушы оны жойған жағдайда «құпия өсиетті сақтау конверттері» ісіне орналастырылады.
Құпия өсиеттің тұтастығын қамтамасыз ету үшін олар (құжаттарды механикалық зақымдалмаған ұстауға мүмкіндік беретін арнайы құралдармен жабдықталған қатты материалдан жасалған қысқыштармен, мөлдір файлдармен және т.б.) папкаларға орналастырылады.
Бір құпия өсиетке қатысты барлық құжаттар бірге топтастырылады және нөмірленеді, бірақ тігілмейді.
Сақтау конвертінің өзінен басқа, іске құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәліктің данасы орналастырылады.
Өсиет берушіге немесе өсиетті орындаушыға (өсиет жүктелген өкілге) сақтауға берілген құпия өсиеттің күші жойылған жағдайда, нотариустың істерінде құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік және оның күшін жою туралы өтініш қалады.»;
104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Егер құпия өсиет құпия өсиетті куәландырған нотариуста сақталса, онда құпия өсиет және оған қатысты құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәлік құпия өсиеттің конвертін ашқан кезде істен алынады, олардың орнына құжаттарды алып қою себебі мен күні туралы мәліметтерді қамтитын осы Ережеге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжатты алып қою туралы анықтама орналастырылады.
105. Құпия өсиеті бар конвертті ашу жөніндегі іс жүргізуді бастау үшін өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікті, сондай-ақ құпия өсиеті бар конвертті, ол өсиет қалдырушыда немесе өсиетті орындаушыда (өсиет алушы адамда) сақталған жағдайда, құпия өсиетті ашу және жария ету туралы өтінішті оның құпия өсиетін куәландырған немесе ол сақталатын нотариустың алуы негіз болып табылады.».
Ережеге 5, 11 және 25 - қосымша, осы бұйрықтың 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2019 жылғы желтоқсандағы
№ бұйрығына
1-қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
5-қосымша
«Бекітемін»
(облыстың немесе қаланың атауы)
Әділет департаментінің бастығы
немесе нотариустың аты-жөні,
лицензияны берген күні, нөмірі,
_____________ тегі, аты-жөні
қолы
20__ жылғы «__» ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)
1. Іс жүргізу, әкімшілік-шаруашылық мәселелер
Істің индексі
Істің (томның, бөліктің) тақырыбы
Істің (томның, бөліктің) саны
Істі (томды, бөлікті) сақтау мерзімі және тізбесі бойынша тармақ нөмірі
Ескертпе
1-1
Статистикалық есептер
үнемі
1-2
Нотариаттық кеңсенің жұмысын тексерудің нәтижелері туралы анықтамалар мен актілер
5 жыл
1-3
Жеке құрамы бойынша бұйрықтар мен басқа да құжаттар
75 жыл
1-4
Әділет органдарымен және нотариаттық палатамен хат алмасу
5 жыл
1-5
Мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен хат алмасу
5 жыл
1-6
Нотариаттық кеңсенің қаржылық және шаруашылық қызметінің құжаттары
5 жыл
Қаржылық шаруашылық қызметті құжаттық тексеру аяқталған жағдайда, даулар, әртүрлі келісулер пайда болған жағдайда, тергеу және сот істері түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады.
1-7
Нотариаттық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өтініштер және ұсыныстар және оларға жауаптар
СТК 5 жыл
1-8
Нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасы
үнемі
1-9
Мұрағатқа тапсырылған құжаттамалық материалдардың тізбесі
үнемі
1-10
Кіріс құжаттарын тіркеу журналы
5 жыл
1-11
Шығыс құжаттарын тіркеу журналы
5 жыл
1-12
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу
5 жыл
2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау
2-1
Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар
75 жыл
2-2
Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар)
75 жыл
2-3
Өзге де шарттар
25 жыл
2-4
Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар
75 жыл
2-5
Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік
75 жыл
2-6
Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік
75 жыл
2-7
Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы
75 жыл
2-8
Мұрагерлік істер
75 жыл
2-9
Сенімхаттар
олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл
2-10
Келісімдер
25 жыл
2-11
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі)
75 жыл
2-12
Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы
3 жыл
2-13
Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар
3 жыл
2-14
Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау
3 жыл
2-15
Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар
10 жыл
2-16
Теңіз наразылығы туралы акт
3 жыл
2-17
Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар
5 жыл
2-18
Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері)
10 жыл
2-19
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар
5 жыл
2-20
Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы
3 жыл
2-21
Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер
үнемі
Қағаз және электрондық тасығышта
2-22
Мұралық істерді есепке алу кітабы
75 жыл
2-23
Мұралық істерді есепке алу алфавиттік кітабы
75 жыл
2-24
Өсиеттерді есепке алу алфавиттік кітабы
75 жыл
2-25
Атқарушылық жазба
3 жыл
Ескертпе:
2-21), 2-22), 2-23) тармақшаларда көрсетілген кітаптар тігілуі тиіс.
Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.
Басшы қызметінің
атауы ________________
Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы
күні
Келісілді
Келісілді
(облыс немесе қала атауы)     Әділет департаменті    СТК (СК) хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)
Жекеше нотариаттық мұрағаттың СКО хаттамасымен  (хаттаманың күні мен нөмірі)

2 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2019 жылғы желтоқсандағы
№ бұйрығына
2-қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
11-қосымша
Біз, төменде қол қояғандар, ______________________________ мыналардың
(әділет органы мен нотариаттық палата қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)
қатысуымен, осы жекеше нотариус______________________________________
(құжаттарын беріп жатқан жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
құжаттарын беру туралы актісін,
жекеше нотариус _____________________________________________________
(құжаттарды қабылдап жатқан жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
құжаттарды қабылдау актісін жасадық.
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
Барлығы ________________________________ құжат.
(саны цифрмен және жазумен)
Тапсырдым:
Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
қолы
Қабылдадым:
Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
қолы
Аумақтық әділет органы
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
қолы
Аумақтық нотариаттық палатаның
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
қолы

2 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2019 жылғы желтоқсандағы
№ бұйрығына
2-қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
25-қосымша
Мен,__________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
(жекеше нотариусқа мемлекеттік лицензия берген орган және нөмірі, берілген күні,
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше нотариустың нотариаттық округының атауы)
нотариусы
Сізге 20___ жылдың «___»__________________ құпия өсиет жасаған
_______________________________________________________________
құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі
қайтыс болу туралы куәлігі ұсынылғанын хабарлаймын.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1051-бабының 4-1-тармағына сәйкес құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болу туралы куәлік көрсеткен кезде, нотариус куәлікті ұсынылған күннен бастап он күннен кешіктірмей құпия өсиет конвертін ашады.
20___ жылы «__» __________ ____сағат____ минутта мына мекенжайда
______________________________________________________
құпия өсиетті жариялау және ашу
______________________________________________________________
құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі
жүргізілетінін Сізге хабарлаймын.
Сізге заң бойынша мұрагер ретінде құпия өситетті ашуға және жариялауға келуді ұсынамын.
Нотариусқа Сіз заң бойынша өсиет қалдырушының мұрагері екендігін растайтын және жеке басын анықтайтын құжат ұсыну міндетті болып табылады.
Күні
Қолы

Қолданыстағы