Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»

Бұйрық · № 358 · қабылданған 30.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-32-ekb-155618/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству» Қолданыста Бұйрық ·№ 358 ·30.04.2021
30.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»

Қолданыста Бұйрық ·№ 358 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 «Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству»
Атауы (қаз.)
«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
358
Қабылданған күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
30.04.2021 155618_524790.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022700
ЭКБ идентификаторы
155618
Редакция идентификаторы
155618_524790
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:16

0 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.
Ереже жеке практикамен айналысатын нотариус (бұдан әрі-жекеше нотариус);
мемлекеттік нотариаттық кеңсесінің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі-мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ереже:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
2) істер номенклатурасын жасау;
3) істерді қалыптастыру;
4) істерді ресімдеу, істер тізімдемесін жасау;
5) құжаттарды сақтау;
6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
7) істерді жою;
8) консультация беруді тіркеу;
9) шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
10) мөрді, мөртабандарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;
11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібін анықтайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.
Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде, аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық мұрағатқа қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған кезде аумақтық нотариаттық палата нотариаттық палатадан шығару туралы тәртіптік комиссияның шешімі күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.
Нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда нотариустың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (бұдан әрі-БНАЖ) кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа, сондай-ақ жекеше нотариаттық мұрағатқа беріледі.»;
6, 7, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін: осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да кіріс құжаттарын тіркеу журналы;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да шығыс құжаттарды тіркеу журналы жүргізіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Құжаттар адресаттарға пошта арқылы (белгілі электрондық адреске көшірмесін жолдай отырып) немесе қолма-қол жіберіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Істер номенклатурасына барлық құжатталатын қызметті көрсететін істердің атаулары (тақырыптары) енгізіледі. Электрондық құжаттар мен дерекқорлар істер номенклатурасына жалпы негіздерде енгізіледі. Істер номенклатурасында құжаттың нысаны тіркеледі – ақпарат жеткізгіші көрсетілген электрондық немесе қағаз түрінде.
Істер номенклатурасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес үлгілік істер номенклатурасы негізінде жасалады. Үлгілік істер номенклатурасы істер номенклатурасын дайындаған кезде, оларды мұрағатқа өткізу немесе жоюға беру үшін іріктеген жағдайда сақтау мерзімін айқындаған кезде негізгі құжат ретінде пайдалануға арналған.
Істер номенклатурасын жасаған кезде үлгілік істер номенклатурасында белгіленген сақтау мерзімін кемітуге жол берілмейді.
Номенклатураның әрбір бөлімінде істер номенклатурасында көзделмеген, алайда күнтізбелік жыл ішінде қалыптастырылған істер тақырыбына енгізу үшін резервтік индекс қарастырылады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Нотариус жүргізетін журналдар оларға бірінші жазба енгізілгенге дейін тігіледі, олардың парақтары нөмірленеді. Нөмірленген және тігілген парақтардың саны журналдың соңғы парағының сыртқы бетінде көрсетіледі.»;
43-44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Жекеше нотариус тұрақты, уақытша (жетпіс бес жыл) сақтау мерзіміндегі аяқталған және ресімделген істерді:
жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттарды;
тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен шығару туралы шарттарды (олардың негізінде куәландырылған құжаттар);
аяқталған мұрагерлік істерді;
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктерді (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе жасалған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі) жекеше нотариаттық мұрағатқа береді.
Нотариаттық куәландырылған өсиет, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік іс жекеше нотариаттық мұрағатқа тапсырылмайды.
44. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатылған, жекеше нотариус аумақтық нотариаттық палатаның мүшелерінен шыққан немесе шығарылған жағдайда, нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік істер он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.
Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.
Құжаттарды беру туралы осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады.»;
46-1, 46-2 және 46-3-тармақтармен толықтырылсын:
«46-1. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау туралы мәліметтер және Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс.
46-2. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдас бойынша нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады.
46-3. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.»;
9-тарау алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
«9-1 тарау. Консультация беруді есепке алу журналын жүргізу. Консультация беруді тіркеу.»;
«59-1. Заңның 17-1-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу нысанында нотариус ұсынатын консультация беру; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер, өтініштер және басқа да құжаттар жобаларын жасау есепке алуға жатады.
59-2. Консультацияны есепке алуды нотариус БНАЖ-дағы консультацияларды есепке алу журналында осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
59-3. Мәліметтер консультацияға жүгінген күні консультацияларды есепке алу тізіліміне енгізілуге жатады.»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Мөр құжаттың бос орнына куәландыру жазбасының астына оның мәтінін және жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолтаңбасына жеткізбей қойылады.
Куәландыру жазбасының мәтіні (оның ішінде нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінің нөмірі, өндіріп алынған мемлекеттік баж сомасы немесе нотариусқа төленген сома) техникалық құралдармен (жазу машинкасымен, дербес компьютермен) басылады.»;
11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Мөр:
жекеше нотариуспен лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықпен танысқан кезден бастап оның лицензиясының күші тоқтатыла тұрған кезеңде;
жекеше нотариус нотариаттық палатадан мүшеліктен шығарылған жағдайда;
мемлекеттік нотариус бұйрықпен танысқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде демалыста (оның ішінде бала күтімі бойынша) болған кезеңде аумақтық әділет органына сақтауға тапсырылады.
Мемлекеттік немесе жекеше нотариустың мөрі нотариустың қатысуымен конвертке салынады, нотариустың, лауазымды адамның қолдары қойылады және аумақтық әділет органының мөрімен бекітіледі.
Мөрі бар конвертті ашу нотариустың қатысуымен жүргізіледі.»;
«74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Жекеше нотариус пен мемлекеттік нотариустың «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбасы болады.
Нотариус электрондық құжаттармен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды және БНАЖ-ға мәліметтер енгізуді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.»;
75-78 –тармақтар алып тасталсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Нотариаттық құжаттар А4 форматындағы қағаздың стандартты парақтарында жасалады.
БНАЖ әрбір нотариаттық іс-әрекет бойынша бірегей нөмір береді, ал құжаттың қағаз нұсқасында көрсетіледі.»;
80-84-тармақтар алып тасталсын;
86-87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Мөрлер, куәландыру жазбаларының мөртабандары жекеше нотариустың үй-жайында немесе мемлекеттік нотариат кеңсесінде сейфтерде немесе мөрленетін жанбайтын металл шкафтарда сақталады.
87. Мөрді, куәландыру жазбаларының мөртабандарын пайдалануды, сақтауды және есепке алуды жекеше және мемлекеттік нотариус жүргізеді.
Мемлекеттік нотариаттық кеңседе аумақтық әділет органы басшысының бұйрығымен айқындалған мемлекеттік нотариустардың бірі.»;
«90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Мұрагерлік іс бойынша іс жүргізуді бастауға негіз болған құжат БНАЖ мұрагерлік істер тізілімінде тіркеледі.»;
91-92-тармақтар алып тасталсын;
«93- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Мұрадан бас тарту немесе мұраны қабылдау туралы не мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы, шығындарды мұрагерлік мүлік есебінен төлеу туралы өтініштердің негізінде мұрагерлік іс жүргізіледі және реттік нөмір беріледі.»
Барлық өтініштерде олардың келіп түскен күні, бірінші келіп түскен өтінішке берілген мұрагерлік істің нөмірі көрсетіледі.
Мұрагерлік іс жеке номенклатуралық іс болып табылады. Істің мұқабасында номенклатуралық индекске таяқша арқылы мұрагерлік істің нөмірі қойылады (№ 2-8/27/2021 іс).
Мұрагерлік іске мұрагерлер ұсынған, олардың негізінде мұраға құқық туралы куәлік берілген барлық құжаттар тігіледі.
Егер мұрагерлік іс ағымдағы жылдың іс жүргізуінде аяқталмаған болса, ол келесі жылға сол нөмірмен өтеді және қайта тіркелуге жатпайды.»;
95-тармақ алып тасталсын;
98, 99-100- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«98. Аумақтық нотариаттық палатада өсиетхаттарды куәландыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалардан алынған, нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген өсиетхаттарды есепке алу тізілімі Қазақстан Республмикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңының 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесіннің 4-қосымшасына сәйкес нысанда жүргізіледі.
Куәландырылған өсиет туралы мәліметтер БНАЖ электрондық тізіліміне жазба енгізілгеннен кейін БНАЖ өсиеттерді есепке алу тізіліміне түседі.
99. Аяқталған мұрагерлік іс мұраға құқығы туралы қосымша куәлік берілгенде немесе бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәліктің күші жойылғанда мұраға құқығы туралы жаңа куәлік берілген жағдайда қайта басталады. Бұл ретте, Мұрагерлік істерді есепке алу тізілімінде мұрагерлік істің қайта басталуына негіздеме болған өтініш тіркеледі. Жаңа құжаттар мұрагерлік істің соңына орналастырылады, істің мұқабасына, ішкі тізімдемесіне, куәландырушы парағына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті бұрын мұраға құқығы туралы куәлікті берген нотариус береді.
Нотариус лицензиясының күші тоқтатыла тұрған жағдайда мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті құжаттар тапсырылған нотариус береді.
Бұрын мұраға құқығы туралы куәлікті берген нотариустың лицезиясының күші тоқтатылғанда, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда және мұрағатқа істерді сақтауға тапсырылған кезде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті мүдделі тұлға жүгінген нотариус береді. Бұл ретте, нотариус мұрағаттан мұрагерлік істің көшірмесін сұратады және аталған құжаттардың негізінде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті береді.
100. Аяқталған мұрагерлік істі сақтауға дайындаған кезде құжаттар осы Ереженің 39-тармағына сәйкес мынадай тәртіппен:
мұраға құқығы туралы куәлік;
мұраны қабылдау туралы, мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы немесе мұрадан бас тарту туралы өтініштер;
мұра берушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не БНАЖ арқылы «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде алынған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан мұра берушінің тіркелген орны туралы мәліметтер;
мұрагерлер мен мұра берушінің туысқандық қатынастарын растайтын құжаттарының көшірмелері, мұраға негіздеме (өсиет, туысқандық деңгейі туралы, бала асырап алу туралы, мұра берушінің асырауында тұрғаны туралы құжаттар);
мұрагерлердің шеңберін анықтау үшін жасалған нотариустың сұрау салулары және оларға жауаптар;
БНАЖ-да мұрагерлік істің бар-жоқ екендігі туралы анықтама;
мұраның мұра берушіге тиістілігін растайтын құжаттары (құқығын белгілеуші құжаттары);
мұрагерлік іске қоса берілген өзге де құжаттар тігіледі.»;
103-алып тасталсын;
106- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Нотариус «Құпия өсиет» жеке ісін қалыптастырады. «Құпия өсиет» жеке ісінің нөмірі араб сандарымен белгіленеді және БНАЖ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеудің электрондық тізілімінде құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы тіркелген нөмірден және жеке іс жүргізілген жылдан тұрады: «20/2021, мұндағы 20 – құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы БНАЖ электрондық тізілімінде тіркелген нөмір, 2021-жеке іс жүргізілген жыл»;
Ережеге 5 - қосымша, осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
26, 27, 28 -қосымшалармен, осы бұйрықтың 2, 3, 4- қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4

4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың елу екінші - елу бесінші абзацтарын, сондай-ақ 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетпіс төртінші – сексен алтыншы абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
_______________________

1 Үлгілік істер номенклатурасы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі № 358
Бұйрығына 1-қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
5-қосымша
«Бекітемін»
(облыстың немесе қаланың атауы)
Әділет департаментінің бастығы
немесе нотариустың аты-жөні,
лицензияны берген күні, нөмірі,
_____________ тегі, аты-жөні қолы
20__ жылғы "__" ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)
_____ жылғы
Үлгілік істер номенклатурасы
1. Іс жүр­гі­зу, әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық мә­се­ле­лер
Іс­тің ин­дек­сі
Іс­тің (том­ның, бө­лік­тің) та­қы­ры­бы
Іс­тің (том­ның, бө­лік­тің) са­ны
Іс­ті (том­ды, бө­лік­ті) сақ­тау мер­зі­мі және тіз­бе­сі бой­ын­ша тар­мақ нө­мі­рі
Ес­керт­пе
1-1
Ста­ти­сти­ка­лық есеп­тер
үне­мі
1-2
Но­та­ри­ат­тық кең­се­нің жұ­мысын тек­се­ру­дің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы анық­та­ма­лар мен ак­ті­лер
5 жыл
1-3
Же­ке құ­ра­мы бой­ын­ша бұй­рық­тар мен бас­қа да құ­жат­тар
75 жыл
1-4
Әді­жыл ор­ган­да­ры­мен және но­та­ри­ат­тық па­ла­та­мен хат ал­ма­су
5 жыл
1-5
Ме­ке­ме­лер­мен, ұй­ым­дар­мен және аза­мат­тар­мен хат ал­ма­су
5 жыл
1-6
Но­та­ри­ат­тық кең­се­нің қар­жы­лық және ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті­нің құ­жат­та­ры
5 жыл
Қар­жы­лық ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­ті құ­жат­тық тек­се­ру аяқ­тал­ған жағ­дай­да, да­у­лар, әр­түр­лі ке­лі­су­лер пай­да болған жағ­дай­да, тер­геу және сот іс­те­рі түп­кі­лік­ті ше­шім шы­ға­ры­л­ған­ға дей­ін сақ­та­ла­ды.
1-7
Но­та­ри­ат­тық кең­се­нің жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі өті­ніш­тер және ұсы­ны­стар және олар­ға жа­у­ап­тар
5 жыл ЭПК
1-8
Но­та­ри­ат­тық кең­се­нің іс­тер но­мен­кла­ту­ра­сы
үне­мі
1-9
Мұ­ра­ғат­қа тап­сы­ры­л­ған құ­жат­та­ма­лық ма­те­ри­ал­дар­дың тіз­бе­сі
үне­мі
1-10
Кі­ріс құ­жат­та­рын тір­кеу жур­на­лы
5 жыл
1-11
Шы­ғыс құ­жат­та­рын тір­кеу жур­на­лы
5 жыл
1-12
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­мен хат ал­ма­су
5 жыл
2. Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау
2-1
Жер учас­ке­ле­рін ие­лік­тен ай­ы­ру ту­ра­лы шар­ттар
75 жыл
2-2
Тұр­ғын үй­лер­ді, пәтер­лер­ді ие­лік­тен ай­ы­ру және ке­пі­лі ту­ра­лы шар­ттар (негі­зін­де олар ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­жат­тар)
75 жыл
2-3
Өзге де шар­ттар
25 жыл
2-4
Но­та­ри­ат­тық ку­әлан­ды­ры­л­ған өси­ет­хат­тар
75 жыл
2-5
Құ­пия өси­ет­ті қа­был­дау ту­ра­лы ку­ә­лік
75 жыл
2-6
Құ­пия өси­ет­ті сақ­та­у­ға бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік
75 жыл
2-7
Құ­пия өси­ет­ті ашу және жа­рия ету хат­та­ма­сы
75 жыл
2-8
Мұ­ра­гер­лік іс­тер
75 жыл
2-9
Се­нім­хат­тар
олар­дың ескі­ру (қол­да­ну) мер­зі­мі өт­кен күн­нен ба­стап 3 жыл
2-10
Ке­лі­сім­дер
25 жыл
2-11
Ер­лі-зай­ып­ты­лар­дың ор­тақ мү­лі­гін­де­гі үле­сіне мен­шік құқы­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік (егер он­дай ку­ә­лік но­та­ри­ат­тық кең­се­де ашы­л­ған мұ­ра­гер­лік іс­ке бай­ла­ны­сты ті­рі зай­ы­бы­на бе­рі­л­ген бол­са, ол мұ­ра­гер­лік іс­ке тігі­ле­ді)
75 жыл
2-12
Адам­ның ті­рі екен­ді­гін және бел­гі­лі бір жер­де бо­лу фак­ті­сін ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы, құ­жат­ты сақ­та­у­ға қа­был­дау ту­ра­лы
3 жыл
2-13
Құ­жат­тар­дың көр­се­ті­л­ген уа­қы­тын ку­әлан­ды­ру жө­нін­де­гі құ­жат­тар
3 жыл
2-14
Аза­мат­тар­дың, ме­ке­ме­лер­дің, кә­сі­по­рын­дар­дың және ұй­ым­дар­дың өті­ніш­те­рін бас­қа аза­мат­тар­ға, ме­ке­ме­лер­ге, кә­сі­по­рын­дар­ға және ұй­ым­дар­ға та­быст­ау
3 жыл
2-15
Де­по­зит­тік опе­ра­ци­я­лар жа­сау жө­нін­де­гі құ­жат­тар
10 жыл
2-16
Те­ңіз на­ра­зы­лы­ғы ту­ра­лы акт
3 жыл
2-17
Дәлел­де­ме­лер­ді қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты жа­сал­ған құ­жат­тар
5 жыл
2-18
Заң­ды тұ­лға­лар­дың іс­те­рі (жар­ғы­ның, мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің, хат­та­ма­лар­дың, бұй­рық­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі)
10 жыл
2-19
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет жа­са­удан бас тар­ту ту­ра­лы қа­улы­лар
5 жыл
2-20
Құ­жат­тар­ды са­рап­та­ма­ға жі­бе­ру ту­ра­лы қа­у­лы
3 жыл
2-21
Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді тір­ке­у­ге ар­нал­ған ті­зі­лім­дер
үне­мі
элек­трон­дық та­сығ­ы­шта
2-22
Мұ­ра­лық іс­тер­ді есеп­ке алу кі­та­бы
75 жыл
элек­трон­дық та­сығ­ы­шта
2-23
Өси­ет­тер­ді есеп­ке алу кі­та­бы
75 жыл
элек­трон­дық та­сығ­ы­шта
2-24
Ат­қа­ру­шы­лық жа­з­ба
3 жыл
2-25
Ескертпе:
Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.
Басшы қызметінің атауы __________________________
Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы
күні
Ке­лі­сіл­ді
Ке­лі­сіл­ді
(об­лыс неме­се қа­ла ата­уы) Әді­лет де­пар­та­мен­ті СТК (СК) хат­та­ма­сы­мен (хат­та­ма­ның кү­ні мен нө­мі­рі)
Же­ке­ше но­та­ри­ат­тық мұ­ра­ғат­тың СКО хат­та­ма­сы­мен (хат­та­ма­ның кү­ні мен нө­мі­рі)

2 Бұйрығына 2-қосымша

Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
26-қосымша
Консультация беруді тіркеу журналы
______________________________________________________
(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
№ п/п
Нақ­ты өт­кі­зі­л­ген кү­ні
Өт­кі­зі­л­ген уа­қы­ты
Кон­суль­та­ци­я­ға жү­гін­ген адам­ның ЖСН
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Ту­ған кү­ні
Кон­суль­та­ция тү­рі
ба­ға­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

3 Бұйрығына 3-қосымша

Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
27-қосымша
Кіріс құжаттарын тіркеу журналы

Түс­кен кү­ні
Кі­ріс құ­жа­ты­ның кү­ні және ин­дек­сі
Кор­ре­спон­дент
Құ­жат­тың тү­рі, кі­ріс құ­жа­ты­ның ата­уы және қы­сқа­ша мәті­ні
Құ­жат­тың орын­дал­ға­ны ту­ра­лы бел­гі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7

4 Бұйрығына 4-қосымша

Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
28-қосымша
Шығыс құжаттарын тіркеу журналы

Шы­ғыс (іш­кі) құ­жа­ты­ның кү­ні
Шы­ғыс (іш­кі) құ­жа­ты­ның ин­дек­сі
Кор­ре­спон­дент
Құ­жат­тың та­қы­ры­бы неме­се қы­сқа­ша маз­мұ­ны
Құ­жат­тың орын­дал­ға­ны ту­ра­лы және іс­ке жі­бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы