Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству"

Бұйрық · № 309 · қабылданған 31.08.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-32-ekb-67472/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству" Қолданыста Бұйрық ·№ 309 ·31.08.2012
31.08.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству"

Қолданыста Бұйрық ·№ 309 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству"
Атауы (қаз.)
"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
309
Қабылданған күні
31.08.2012
Көрсетілген редакция
31.08.2012 AI67472_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007887
ЭКБ идентификаторы
67472
Редакция идентификаторы
AI67472_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:26

0 "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Жекеше нотариустың мөрі осы Ережелерге 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше нотариус мөрінің эскизіне сәйкес дайындалады.»;
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1 қосымшамен толықтырылсын;

2 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпанда бекітілген № 16 «Жекеше нотариустың мөрі туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 702 болып тіркелген).

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жекеше нотариустың мөрінің эскизі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 309 бұйрығына
қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
16-1 қосымша
Жекеше нотариустың
мөрінің эскизі
Жекеше нотариустың
жеке мөрінің сипаттамасы

1 1. Жекеше нотариустың мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құралда дайындалады, оны дайындауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуі және жоғары сапалы дайындалуымен, жасандылықтан қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуы тиіс.

2 2. Мөрдің диаметрі 44 миллиметр болуы тиіс (бұдан әрі - мм).

3 3. Жекеше нотариустың мөрінің мәтіні «жекеше нотариус», нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берген күні деген сөздерден тұрады. Жекеше нотариустың мөріндегі барлық жазбалардың мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

4 4. Мөрдің мәтінінде үш жиек және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуі тиіс.

5 5. Бірінші жиек 3 мм қалыңдықпен шеңберлі шағын қаріптермен жасалады және «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден тұрады.

6 6. Екінші жиек желісінің қалыңдығы 5 мм-ді құрайды. Екінші жиектің ішінде мынадай мазмұндағы мәтін орналасуы тиіс: "№ 0000 Лицензияны ________ жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген".

7 7. Үшінші жиектің қалыңдығы 2,5 мм құрайды, үшінші жиектің ішіндегі мәтін «жекеше нотариус», сондай-ақ жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты деген сөздер тұруы тиіс.

8 8. «Қазақстан Республикасы» жазуының беті қара бояумен толтырылуы тиіс.

9 9. Бояу нүктелерінің нысаны әртүрлі: шеңбер, эллипс, шаршы және т.б. түрде болуы мүмкін.

10 10. Мөрдің ортасында диаметрі 24 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналы бейнесі орналасады.

Қолданыстағы