Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 36 «Об утверждении Единой программы профессиональной подготовки стажеров и признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1437 · қабылданған 24.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2012-no-36/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 36 «Об утверждении Единой программы профессиональной подготовки стажеров и признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1437 ·24.09.2018
24.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 36 «Об утверждении Единой программы профессиональной подготовки стажеров и признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1437 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 36 «Об утверждении Единой программы профессиональной подготовки стажеров и признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1437
Қабылданған күні
24.09.2018
Көрсетілген редакция
24.09.2018 125462_365170.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017499
ЭКБ идентификаторы
125462
Редакция идентификаторы
125462_365170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:07

0 «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағы негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағдарлама бір күнтізбелік жылға арналған теоретикалық дайындық пен практикалық дағдылардан тұрады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Бағдарламаның мазмұны»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тағылымдамадан өтуші әр тоқсан сайын аумақтық нотариаттық палатаның басқарма отырыстарында тағылымдаманың барысы туралы баяндайды.
Тағылымдама аяқталған соң тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық бағдарламасынан өту деңгейі көрсетілген қорытындыны әзірлейді. Бұл қорытындыны тағылымдама жетекшісі аумақтық нотариаттық палатаға жолдайды, бұдан әрі ол тағылымдамадан өтуші мен тағылымдама жетекшісінің қатысуымен қарастырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
____________ Ә.Б. Жанәбілова
2018 жылғы қыркүйек

Қолданыстағы