Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1538 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей"

Қаулы · № 455 · қабылданған 05.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2013-no-1538/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1538 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей" Күшін жойған Қаулы ·№ 455 ·05.05.2014
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1538 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей"

Күшін жойған Қаулы ·№ 455 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1538 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
455
Қабылданған күні
05.05.2014
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI79597_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000455
ЭКБ идентификаторы
79597
Редакция идентификаторы
AI79597_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:46

0 "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 1049-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ережеде:

16 16-тармақ мынадай мазмұндағы 71), 72), 73), 74) тармақшалармен толықтырылсын:

71 «71) реттелетін саладағы мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

72 72) реттелетін салада мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;

73 73) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелердің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста жұмыс істеуін ұйымдастыру;

74 74) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі органдармен өзара байланыста мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.»;

21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

4-1 «4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде басшыларды және олардың орынбасарларын тағайындау және босату;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы