О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 50 «Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 50 «Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 18.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2025 212601_777049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036489
- ЭКБ идентификаторы
- 212601
- Редакция идентификаторы
- 212601_777049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:12
0 «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қаржылық есептілік стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.»;
көрсетілген Стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің тізімдемесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 377
бұйрыққа 1- қосымша
Ұлттық қаржылық
есептілік стандартына
1-қосымша
Нысан
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің тізімдемесі
_____ жылғы ______________ мерзіміне
Негізі құралдар мен материалдық емес активтер топтарының атауы
Жыл басына қалдық
Келіп түсуі
Амортизация нормасы
Амортизация
Шығуы
Жыл аяғына қалдық
кезеңге
Пайдалану басынан
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы) Мөр орны
2 20 ________ жылғы __ кезең үшін
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 377
бұйрыққа 2-қосымша
Ұлттық қаржылық
есептілік стандартына
2-қосымша
Нысан
20 ________ жылғы __ кезең үшін
Еңбекақы төлеуді есепке алу ведомості
Субъектінің атауы
№
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лауазымы
Жалақысы
Еңбекақы есептелді
Ұсталды
Төлеуге
Қолы
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік аударымдар
Жеке табыс салығы
Міндетті зейнетақы жарналары
Өзгелер
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
3 Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 377
бұйрыққа 3-қосымша
Ұлттық қаржылық
есептілік стандартына
3-қосымша
Нысан
Атауы_____________________________________________________
Қызметінің түрі____________________________________________________
Қызметкерлердің орташа жылдық саны _______________________адам
Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру
нөмірі _____________________________________________
____ жылғы «__» __________ жағдай бойынша
Бухгалтерлік баланс
мың теңге
Активтер
Жол коды
Есепті кезеңнің соңына
Есепті кезеңнің басына
Активтер
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
01
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары
02
Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық берешек
03
Қорлар
04
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары
05
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
06
Негізгі құралдар (амортизацияны алып тастағанда)
07
Материалдық емес активтер (амортизацияны алып тастағанда)
08
Басқа да активтер
09
Активтердің жиыны (01-ден 09-ға дейінгі жолдардың сомасы)
10
Міндеттеме мен капитал
Міндеттеме
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
11
Салықтар бойынша міндеттемелер
12
Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері
13
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
14
Өзге міндеттемелер
15
Міндеттеме жиыны (11-ден 15-ке дейінгі жолдардың сомасы)
16
Өз капиталы
Жарғылық капитал
17
Резервтік капитал
18
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)
19
Өзге резевтер
20
Капитал жиыны
21
Капитал мен міндеттемелердің жиыны (16-жол + 21-жол)
23
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
6 Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 377
бұйрыққа 6-қосымша
Ұлттық қаржылық
есептілік стандартына
4-қосымша
Нысан
Атауы_____________________________________________________
Қызметінің түрі____________________________________________________
Қызметкерлердің орташа жылдық саны________________________адам
Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру
нөмірі _____________________________________________
____ жылғы «__» __________ жағдай бойынша
Пайда мен зияндар туралы есеп
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы
Жол коды
Есепті кезеңде
Өткен кезеңде
Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс
01
Қаржыландырудан түсетін кіріс
02
Өзге кірістер
03
Кірістердің жиыны (01-ден 03-ке дейінгі жолдардың сомасы)
04
Өндірілген өнім, жұмыс, қызмет бойынша шығыстар
05
Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
06
Амортизациялық төлемдер
07
Қаржыландыру шығыстары
08
Басқа да шығыстар
09
Шығыстардың жиыны (05-тен 09-ға дейінгі жолдардың сомасы)
10
Салық салғанға дейінгі пайда (залал)
(04-жол - 10-жол)
11
Салықтарға арналған шығыстар
12
Мерзім бойынша жиынтық табыс (шығын) (11-жол – 12-жол)
13
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны