Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 октября 2013 года № 630 «Об утверждении образцов жетонов сотрудников строевых подразделений дорожно-патрульной и патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1043 · қабылданған 10.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2013-no-630-ekb-108114/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 октября 2013 года № 630 «Об утверждении образцов жетонов сотрудников строевых подразделений дорожно-патрульной и патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1043 ·10.11.2016
10.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 октября 2013 года № 630 «Об утверждении образцов жетонов сотрудников строевых подразделений дорожно-патрульной и патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1043 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 октября 2013 года № 630 «Об утверждении образцов жетонов сотрудников строевых подразделений дорожно-патрульной и патрульной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1043
Қабылданған күні
10.11.2016
Көрсетілген редакция
10.11.2016 108114_128993.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014519
ЭКБ идентификаторы
108114
Редакция идентификаторы
108114_128993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:18

0 «Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдары жол-патрульдік және
патрульдік полициясының саптық
бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы
№ 630 бұйрығына өзгерістер және
толықтыру енгізу туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетонының сипаты

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінденде № 8933 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 69 (27690) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы»
бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының қоса берілген үлгілері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері.»;
Атауы 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының сипаттамасы:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.».
Атауы 2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полицияның саптық бөліністері қызметкерінің жетонының белгісі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының сипаттамасы:
«5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.».
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі
5 - сурет 6 - сурет
Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетонының сипаты
1. Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетоны (сурет) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сұр аударылған таға нысанында анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізгі және жапсырмалар.
2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының үстінде көгілдір эмальмен құйылған секторда қызыл түсті «POLICE» жазуы орналасқан.
4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының астында көк эмальмен құйылған секторда қызыл түсті «МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазу орналасқан.
5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетонының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.
6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.»;
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері жетондарының үлгілеріне қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмесін бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік органдарының интранет-порталында және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 1043 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі
саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілеріне
қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының
сериялары
р/с№
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры
бө­лі­ні­стің ата­уы
Же­тон се­ри­я­сы
1
Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
01
2
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
02
3
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
03
4
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
04
5
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
05
6
Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
06
7
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
07
8
Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
08
9
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
09
10
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
10
11
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
11
12
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
12
13
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
13
14
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
14
15
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
15
16
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті, Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
16
17
Кө­лік­те­гі Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
К
18
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті Мет­ро­по­ли­тен­де­гі Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
М
19
ІІМ-нің Үкі­мет­тік ме­ке­ме­лер­ді кү­зе­ту жө­нін­де­гі по­ли­ция пол­кі
Ү
20
ІІМ-нің Ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік­тер­ді кү­зе­ту жө­нін­де­гі по­ли­ция пол­кі
D
21
Жез­қаз­ған қа­ла­сы­ның Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет қыз­ме­ті бас­қар­ма­сы
G
Ескерту: 01-16 – (өңір сериялары) жол-патрульдік полициясы, мамандандырылған күзет қызметі;К – (Көлік) көліктегі патрульдік полиция;М – (Метро) метрополитендегі патрульдік полиция;
Ү – (Үкіметтік) ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі
D – (Дипломатиялық) ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;
G – (Жезқазған) Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі.

Қолданыстағы