О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 31 января 2013 года № 70 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 31 января 2013 года № 70 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 08.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2017 75644_242181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CC003692
- ЭКБ идентификаторы
- 75644
- Редакция идентификаторы
- 75644_242181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:56
0 Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы № 14 аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1 тармақтың 1) тармақшасының бесінші азат жолы;
1 тармақтың 1) тармақшасының жетінші азат жол бөлігіндегі «жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге» сөздері;
1 тармақтың 2) тармақшасының бөлігіндегі «сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2, 5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге» сөздері;
2 тармақтың бөлігіндегі «жеке үйлерде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны» сөздері;
2 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі «тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептеуiштiң құнына» сөздері;
3 тармақтың бөлігіндегі «тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына» сөздері;
9 тармақтың бөлігіндегі «тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шығындарына» сөздері;
13 тармақтың бөлігіндегі «тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарына» сөздері;
18 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі «тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны» сөздері алынып тасталынсын.