О внесении изменений в решение акима Мартукского района от 31 января 2014 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Мартукского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Мартукского района от 31 января 2014 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Мартукского района»
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 «Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 23.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2017 111275_177440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CH005372
- ЭКБ идентификаторы
- 111275
- Редакция идентификаторы
- 111275_177440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:02
0 Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 «Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 шешімі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген) және «Мәртөк ауданының Казанка селосын - Қазан ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 207 қаулысымен Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3216 болып тіркелген) сәйкес, Мәртөк ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 «Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып енгізілген, 2014 жылғы 27 ақпанда аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының «Избирательный участок № 270» жолында «Казанка» сөзі «Казан» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының «№ 279 сайлау учаскесі» жолында «Веренка» сөзі «Достық» сөзімен ауыстырылсын.