О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 265 «О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 78 «Об утверждении Правил установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты» и установлении пределов отклонения курса покупки от курса продажи долларов США и евро за тенге по опе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 265 «О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 78 «Об утверждении Правил установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты» и установлении пределов отклонения курса покупки от курса продажи долларов США и евро за тенге по опе
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 20
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2021 128370_530687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018170
- ЭКБ идентификаторы
- 128370
- Редакция идентификаторы
- 128370_530687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:23
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша
шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері
арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10146 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алып тасталсын.
2 2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
(Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.