О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 июля 2014 года № 268 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии для занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 31 июля 2014 года № 268 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии для занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении»
- Атауы (қаз.)
- «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 268 қаулысына ө
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 89219_154475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15S0003219
- ЭКБ идентификаторы
- 89219
- Редакция идентификаторы
- 89219_154475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:07
0 «Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішiлiк қалааралық) және
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу үшін
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 31 шілдедегі № 268
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық
(облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2926 болып тіркелді, 2014 жылғы 30 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде қазақ тіліндегі мәтінде:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қоюы (4 (төрт) сағат ішінде).»;
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін не сұратуды екі сағат ішінде қарайды, бұрыштама қойып, оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал немесе уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысандағы мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың дұрыстығын көшірмелермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін екі сағат ішінде қарайды, бұрыштама қойып, оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);»;
19-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұратуын екі сағат ішінде қарайды, бұрыштама қойып, оларды көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің қызметкеріне жолдайды (4 (төрт) сағат ішінде);»;
19-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ койылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін өңдеу және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау (1 (бір) минут ішінде);»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын.