О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/121-VI
- Қабылданған күні
- 18.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2023 115743_680045.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VB005272
- ЭКБ идентификаторы
- 115743
- Редакция идентификаторы
- 115743_680045
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:36
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының:
2 - тармағы:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электронды нысанда мемлекеттік қызметер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»;
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
10 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
«1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған тұлғаларға - 1,6 айлық есептік көрсеткіш»;
23 – тармақ алып тасталсын.