О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150–V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150–V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45/296-VI
- Қабылданған күні
- 22.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2020 136498_463653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VB006329
- ЭКБ идентификаторы
- 136498
- Редакция идентификаторы
- 136498_463653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:44
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады. Амбулаториялық ем қабылдау сатысындағы туберкулезбен ауыратын науқастар үшін әлеуметтік көмек ай сайын көрсетіледі.»;
7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
7-1 тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
8 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
10-тармақта:
1) тармақшасының бірінші абзацты мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығару күні:»;
6) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7 ) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 1 қазан – Қарттар күні:
80 және одан жоғары жастағы тұлғаларға– 1,6 айлық есептік көрсеткіш.».
13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді».