Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 313 · қабылданған 02.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no-283-ekb-125701/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 313 ·02.11.2018
09.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 313 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
313
Қабылданған күні
02.11.2018
Көрсетілген редакция
09.07.2024 125701_713100.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NL008078
ЭКБ идентификаторы
125701
Редакция идентификаторы
125701_713100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:44

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – қызмет алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағымен қарастырылған мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ С. Коваленко
«1» қараша 2018 жыл

Қолданыстағы