О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2024 87462_713098.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NL005419
- ЭКБ идентификаторы
- 87462
- Редакция идентификаторы
- 87462_713098
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:30
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы
№ 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97- бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1- тармақтың 1- тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________Д. Шрейдер