О внесении изменения в решение Карабалыкского районного маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карабалыкском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Карабалыкского районного маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карабалыкском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 28.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2024 170182_713106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22NL028931
- ЭКБ идентификаторы
- 170182
- Редакция идентификаторы
- 170182_713106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:51
0 Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабалық ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.».