О внесении изменений в решение Ордабасинского районного маслихата от 31 марта 2014 года № 30/16 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохренения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ордабасинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ордабасинского районного маслихата от 31 марта 2014 года № 30/16 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохренения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ордабасинского района"
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/16 "Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/2
- Қабылданған күні
- 26.01.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2015 86701_4681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UH003002
- ЭКБ идентификаторы
- 86701
- Редакция идентификаторы
- 86701_4681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:55
0 Ордабасы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы №30/16
«Ордабасы ауданының ауылдық елді
мекендерде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №30/16 «Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2605 тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер еңгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы».
шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ордабасы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.».