Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 324 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ и уполномоченными органами по исполнению бюджета»

Бұйрық · № 20 · қабылданған 19.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no-324-ekb-99092/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 324 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ и уполномоченными органами по исполнению бюджета» Күшін жойған Бұйрық ·№ 20 ·19.01.2016
02.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 324 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ и уполномоченными органами по исполнению бюджета»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 324 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ и уполномоченными органами по исполнению бюджета»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
19.01.2016
Көрсетілген редакция
02.12.2016 99092_139306.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013089
ЭКБ идентификаторы
99092
Редакция идентификаторы
99092_139306
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:04

0

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – ҚК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – ҚК нысаны);»;
20-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуытуралы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау және ұсыну тәртібі»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және ведомство:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес АҚ нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есепті;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есепті жасайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді 1 шілдедегі жағдай бойынша – 15 тамыздан кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ведомствоға ұсынады;
Ведомство республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша (облыстар бөлінісінде) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – 20 тамыздан кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
22. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді ұсынады.
23. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі ведомство ұсынған есептердің негізінде:
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есепті (қолдармен бекітілмей);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есепті (қолдармен бекітілмей) қалыптастырады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептер былайша толтырылады:
1 және 2-бағандарда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;
3-бағанда жыл басына қалдық сомасын есепке ала отырып, жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақша түсімінің сомасы көрсетіледі;
4-бағанда қаржы жылының басындағы ақша қалдығы көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды мен атауы көрсетіледі;
7-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақшаның жүргізілген жұмсалуының сомасы көрсетіледі;
8-бағанда бюджет кірісіне аударылған сома көрсетіледі;
9-бағанда есепті кезеңде түскен және мақсатына сай жұмсалған ақша сомасының айырмасы ретінде анықталатын есепті кезең аяғындағы ақша қалдығы көрсетіледі.»;
29-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
32-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
35-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«105. Бюджеттік және қаржылық есептіліктерді үйлестіру мақсатында есептердің осы нысандарын өзара салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қаржылық және шоғырландырылған қаржылық есептілікпен салыстырып тексеру үшін мынадай:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есеп – АҚ нысаны;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есеп – АҚ (УО) нысаны;
демеушілік пен қайырымдылық көмектен түскен ақша түсімдері мен оның жұмсалуы туралы есеп - ҚК-нысаны;
КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
КБ-Ө нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
ДБ-Ө нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
4-20-нысанмен шығыстар бойынша жиынтық есеп;
республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер;
1-27-нысан бойынша жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер пайдаланылады.
Алшақтықтар табылған кезде алшақтықтардың себептерін айқындау және оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.
106. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және жартыжылдық бюджеттік есептеріне есепті кезеңде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуына, сондай-ақ филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен қаражат түсімдері мен шығыстарына әсер еткен негізгі факторлар баяндалған ақпарат қоса беріледі.»;
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. 2016 жылдың 1 қаңтарына есептiлiк осы бұйрықпен енгізілген өзгерістер ескерілмей жасалады және ұсынылады деп белгiленсiн.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі
Нысан нөмірі
Нысандардың атаулары
айлық
тоқсандық
жартыжылдық
жылдық
1
2
3
4
5
жартыжылдық
жылдық
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарын орындау туралы есеп – АҚ- нысан*
жарты жылдық
жылдық
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарын орындау туралы есеп – АҚ(УО)- нысан**
жарты жылдық
жылдық
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп - ҚК-нысан
жарты жылдық
жылдық
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп - ӨШ-нысан
тоқсандық
жылдық
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Б
тоқсандық
жылдық
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Ө
тоқсандық
жылдық
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Б
тоқсандық
жылдық
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Ө
айлық
жылдық
Бюджет атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетініңатқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттердііске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақреспубликалық бюджет жобасына қосылған басым республикалықбюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
айлық
жылдық
көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер1-27 нысаны
айлық
жылдық
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма - қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп
айлық
шығыстар бойынша жиынтық есеп 4-20 нысаны
айлық
жылдық
Есепті деректердісалыстыру Актісі
*АҚ нысаны –мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін
**АҚ(УО) нысаны– бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар үшін

2 Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
2-қосымша
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны
№ п/п
есептiлiк нысаны атауы
есептiлiктi жасау ұсыну нысаны
ММ
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі
Рес­пуб­ли­ка­лық
бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі
Аудан­ның (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның) бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі жер­гі­лік­ті уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры
Об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры
Рес­пуб­ли-­ка­лық бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган (ве­дом­ство­лар)
1
2
3
4
5
6
7
8
1
та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді) са­ту­дан түс­кен тү­сім­дер мен ақ­ша­ны жұм­сау жос­па­рын орын­дау ту­ра­лы есеп – АҚ/АҚ(УО)- ны­сан­ды
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз)
2
фи­лан­тро­пи­я­лық қыз­мет­тен және (неме­се) де­ме­у­ші­лік қыз­мет­тен және (неме­се) ме­це­нат­тық қыз­мет­тен ақ­ша тү­сі­мі және олар­дың жұм­са­луы ту­ра­лы есепт­түс­кен ақ­ша­ның тү­сі­мі мен жұм­са­луы ту­ра­лы есеп - ДҚ-ны­сан
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз)
3
өкіл­дік шы­ғын­дар­ға бө­лін­ген қа­ра­жат­тың пай­да­ла­ны­луы ту­ра­лы есеп - ӨШ-ны­сан
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
-
-
-
4
кре­ди­тор­лық бе­ре­ше­гі ту­ра­лы есеп ны­са­ны бой­ын­ша КБ-Б
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы және­ЭҚАБЖ
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін
5
кре­ди­тор­лық бе­ре­ше­гі ту­ра­лы есеп ны­са­ны бой­ын­ша КБ-Ө
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы және­ЭҚАБЖ
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін
6
де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі ту­ра­лы есеп ны­са­ны бой­ын­ша ДБ-Б
Қа­ғаз және элек­трон
дық та­сығ­ыш
тар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы және­ЭҚАБЖ
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін
7
де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі ту­ра­лы есеп ны­са­ны бой­ын­ша ДБ-Ө
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы және­ЭҚАБЖ
АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін
8
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­ті ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп
-
-
-
Қа­ғаз және элек­трон-дық та­сығ­ыш-тар­да
АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша са­нат­та­ры, сы­нып­та­ры, кі­ші сы­нып­та­ры бой­ын­ша бюд­жет тү­сім­де­рін және бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рін және функ­ци­о­нал­дық топ­та­ры, функ­ци­о­нал­дық кі­ші топ­та­ры, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі, бағ­дар­ла­ма­лар, кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар (қа­ғаз та­сығ­ы­шта жыл­дық есеп) бой­ын­ша бюд­жет шы­ғы­ста­рын көр­се­те оты­рып
-
9
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет көр­сет­кіш­те­рі­нің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы де­ректер
ай­лық - ЭҚАБЖ ар­қы­лы бюд­жет­ке тү­сім­дер­ді қам­ти­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп бө­лі­мі бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма тү­сім­де­рі­нің са­нат­та­ры мен сы­нып­та­рын қам­туы ти­іс, ал бюд­жет шы­ғы­ста­рын қам­ти­тын есеп бө­лім­де­рі бюд­жет шы­ғы­ста­ры сы­нып­та­ма­сы­ның функ­ци­о­нал­дық топ­та­рын және кі­ші топ­та­рын қам­туы ти­іс бі­рік­ті­рі­л­ген пі­шім­де;
жыл­дық – АЖ және ЭҚАБЖ ар­қы­лы то­лық кө­лем­де
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның қол­ма - қол ақ­ша­сын ба­қы­лау шо­тын­да­ғы ақ­ша қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы есеп
-
-
-
-
-
АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ
11
шы­ғы­стар бой­ын­ша жиын­тық есеп 4-20 ны­са­ны
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
-
-
-
12
Есеп­ті де­ректер­ді­са­лы­сты­ру ак­ті­сі
-
-
-
Қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­штар­да
АЖ ар­қы­лы
АЖ ар­қы­лы

3 _____________ жылға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
4-қосымша
ҚК-нысаны
_____________ жылға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп
Мемлекеттік мекеме__________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюджеттің түрі_______________________
Мемлекет
тікмекеменің/
бюджеттік
бағдарламалар
әкімшісінің коды
Атауы
Түсімдер
Жұмсалуы
Ағымдағы
қаржы
жылының
есептілік
кезеңінің
аяғындағы
қалдық
ақша3б.-7б.
барлығы
оныңішінде
жылдың
басынаақша
қалдығы
ерекшелік
барлығы
оның
ішінде
бюджеттің
кірісіне
аударылды
коды
атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Барлығы
Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы ________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Есепті қалыптастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))

Қолданыстағы