О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года № 352 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 31 октября 2014 года № 352 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Южно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 14.01.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 86938_83019.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003024
- ЭКБ идентификаторы
- 86938
- Редакция идентификаторы
- 86938_83019
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:03
0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 31 қазандағы №352
«Оңтүстік Қазақстан облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2014 жылғы 27 қазандағы №343 қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №352 «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2883 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 қарашасында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер енгізілсін:
16 тармақтың 64), 65), 73) тармақшалары алынып тасталсын;
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар тізбесінен:
8) тармақша алынып тасталсын.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
Б. Жылқышиев
Е.Айтаханов
С. Қаныбеков
С. Тұяқбаев
Е. Садыр
Р. Исаева
А.Абдуллаев