Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 865 «Об утверждении Правил возмещения затрат пунктам хранения материальных ценностей государственного материального резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного материального резерва, использованные для предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий, оказания регулирующего воздействия на рынок, помощи беженцам и гуманитарной помощи»

Қаулы · № 1094 · қабылданған 17.12.2025
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no-865/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 865 «Об утверждении Правил возмещения затрат пунктам хранения материальных ценностей государственного материального резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного материального резерва, использованные для предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий, оказания регулирующего воздействия на рынок, помощи беженцам и гуманитарной помощи» Күшіне енбеген 17.12.2025 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 865 «Об утверждении Правил возмещения затрат пунктам хранения материальных ценностей государственного материального резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного материального резерва, использованные для предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий, оказания регулирующего воздействия на рынок, помощи беженцам и гуманитарной помощи»

Күшіне енбеген Қаулы № 1094 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 865 «Об утверждении Правил возмещения затрат пунктам хранения материальных ценностей государственного материального резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного материального резерва, использованные для предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и их последствий, оказания регулирующего воздействия на рынок, помощи беженцам и гуманитарной помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1094
Қабылданған күні
17.12.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2027
Көрсетілген редакция
17.12.2025 218881_794691.kaz
Соңғы өзгеріс
17.12.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500001094
ЭКБ идентификаторы
218881
Редакция идентификаторы
218881_794691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
13.09.2026 02:19
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 01.01.2027.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республика Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 865 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы», «Азаматтық қорғау туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік материалдық резерв саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.

3. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібі

4. Сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымдар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрі – сақтау шарты) негізінде жүзеге асырады, ол жұмылдыру тапсырмасын орындайтын ведомствомен немесе орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органмен (бұдан әрі – жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган) жасалады.

5. Сақтау шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға салу кезінде жасалады.

6. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау шығындарын өтеу осы мақсаттарға республикалық бюджетте тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда оларды сақтау жөніндегі шығындарды өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары толық шығарылып болғанға дейін жүргізіледі.

7. Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органдардың жұмылдыру резервін қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервті (бұдан әрі – материалдық резерв) сақтау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) әкімшісі ретінде уәкілетті орган әрекет етіп, жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді береді.

8. Жұмылдыру резервін сақтауға арналған бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) әкімшісі ретінде жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган әрекет етіп, жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға алдағы жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінім береді.

9. Осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстар сомасы бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібіне сәйкес, оның ішінде сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйымдар жыл сайын тапсыратын материалдық құндылықтарды ұстау мен сақтауға арналған шығындардың есеп-қисабының негізінде есептеледі.

3-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібі

10. Мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

12. Төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.

13. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығару тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуді ұйымдастыру шығыстары мен жеткізу кезіндегі іссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүзеге асырылады.

15. Материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу үшін ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің жобасын дайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады, жұмылдыру резерві бойынша – жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Бұл ретте шығындарды өтеу сомасын айқындау үшін статистика органдары, сондай-ақ оларды нарықта өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар ұсынатын ұқсас тауарлардың құны туралы деректер және материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актілері ескеріледі.
_____________________________________