Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»

Бұйрық · № 145 · қабылданған 14.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no-92-ekb-179836/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·14.04.2023
14.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»
Атауы (қаз.)
«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
14.04.2023
Көрсетілген редакция
14.04.2023 179836_625205.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032322
ЭКБ идентификаторы
179836
Редакция идентификаторы
179836_625205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:49

0 «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:
Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі
2023 жылғы 14 сәуірдегі
№ 145 бұйрығына
қосымша
Тауарлық, сұйытылған мұнай
және сұйытылған табиғи газды
өндіру, тасымалдау (тасу),
сақтау, тиеп-жөнелту және
өткізу мониторингі бойынша
мәліметтер ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректердің нысаны: www.egsu.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3 ШТГС.
Кезеңділік: жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық оператор.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей.
Ата­уы (өңір және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы ком­па­ния)
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша аумақ­тың ко­ды
Кен ор­ны
Ба­ға (уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен)
Га­з­ды са­тып алу ба­ға­сы
Га­з­ды са­тып алу кө­ле­мі
ши­кі газ
та­у­ар­лық газ
ши­кі газ
та­у­ар­лық газ
ши­кі газ
та­у­ар­лық газ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1-об­лыс
1-жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы
2-жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы
...
2-об­лыс
1-жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы
2-жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы
...
Атауы ________________________ Мекенжайы___________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефоны
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам______________қолы _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

1 «Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 3 ШТГС, кезеңділігі: жыл сайын)

«Сатып алынған шикі және
тауарлық газ көлемдері
туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға қосымша
«Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 3 ШТГС, кезеңділігі: жыл сайын)
«Сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда мынадай деректер көрсетіледі:
1-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы және ұлттық оператор шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын осы облыс аясындағы жер қойнауын пайдаланушылардың атауы көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды толтырылады;
3-бағанда қандай да бір жер қойнауын пайдаланушының кен орны атауы көрсетіледі;
4-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);
5-бағанда кен орындары бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасы көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады);
6-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;
7-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың сатып алу бағасы көрсетіледі, бір мың текше метр үшін теңгеде;
8-бағанда кен орындары бойынша шикі газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр;
9-бағанда кен орындары бойынша тауарлық газдың көлемі көрсетіледі, бір мың текше метр.

Қолданыстағы