Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»

Бұйрық · № 573 · қабылданған 22.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2014-no-92-ekb-95230/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 573 ·22.09.2015
22.09.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 573 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 92 «Об утверждении Правил представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа»
Атауы (қаз.)
«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
573
Қабылданған күні
22.09.2015
Көрсетілген редакция
22.09.2015 95230_35887.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012225
ЭКБ идентификаторы
95230
Редакция идентификаторы
95230_35887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:17

0 «Тауарлық, сұйытылған мұнай және

сұйытылған табиғи газды өндіру,
тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу
мониторингі бойынша мәліметтер
ұсынудың қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрінің 2014 жылғы
31 қазандағы № 92 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9957 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (27935) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган - газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________Ә. Смайылов
30 қыркүйек 2015 жыл

Қолданыстағы